Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына арналған онлайн-тьюторинг

Жобаның қысқаша сипаты

«Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына арналған Онлайн-тьюторинг» – бұл Назарбаев Университеті түлектерінің тәлімгерлік ету арқылы оқушылардың академиялық және әлеуметтік-жеке дағдыларын арттыруға бағытталған жоба.

Жоба туралы

«Жалпы білім беру орта мектеп

оқушыларына арналған онлайнтьюторинг» жобасының

ЕРЕЖЕЛЕРІ

Жалпы ережелер

1.1 Осы Ережелер «E-Tutor» әлеуметтік білім беру жобаларын іске асыру аясындағы «Жалпы білім беру орта мектеп оқушыларына арналған онлайн-тьюторинг» (бұдан кейін – Жоба) жобасына қатысу шарттары мен тәртіптерін белгілейді және «https://e-tutor.kz» ресми сайтында жариялану сәтінен күшіне енеді.

1.2 Жоба «NU Alumni» Қоғамдық Бірлестігінің күшімен жүзеге асады, және «E-Tutor» әлеуметтік білім беру жобаларының бірі болып табылады.

1.3 Жоба жүйелі түрде жыл сайын 1 қыркүйектен 20 мамырға дейін жүзеге асады.

1.4 Жобаның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының жалпы білім беру орта мектептері мен басқа да орта білім беру мекемелерінің 5-11 сынып оқушыларына академиялық көмек көрсету.

1.5 Ережелерде келесі ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:

  • Тьютор– кеңес беру сессиялары мен веб-сервистерде білім беру материалдарын орналастыру арқылы оқушыға бір немесе бірнеше мектеп пәні бойынша білім беретін тұлға;
  • Оқушы– кеңес беру сессиялары аясында тьютордан білім алатын тұлға;
  • Жоба координаторы – тьюторлар мен оқушыларды іріктейтін, әрі күнтізбе құрып, кеңес беру сессияларының өтуін қадағалайтын тұлға;
  • Білім беру үдерісі– кеңес бері сессияларын өткізу мен веб-сервистерде білім беру материалдарын орналастыру арқылы оқушыға білім алуға демеу жасайтын үдеріс;
  • Білім беру материалдары – білім беру үдерісі барысында тьютор пайдаланатын, презентациялар, тапсырмалар, видеоматериалдар, оқу құралдары, т.б. қосатын материалдар.
  • Кеңес беру сессиясы –тьютор бір немесе бірнеше оқушыға мектеп пәндерінің біреуі бойынша білім беретін видеоконференция.

Тьюторларды іріктеу ережелері

2.1 Жобаға қатысатын тьюторларды жоба координаторы іріктейді.

2.2 Жобаға тьютор ретінде қатысу үшін үміткер «https://e-tutor.kz» ресми сайтында жобаға қатысушы формасын толтырады.

2.3 Форма толтырылғанда жоба координаторы үміткерге хабарласып, жеке сұхбат/интервью немесе видеоконференция арқылы үміткердің жобаға қатысуға қажет құзірет пен уәждеменің бар екенін анықтайды.

2.4 Тьютор Жобаға қабылданса, координатор тьютормен кеңес беру сессияларын өткізуге лайықты оқушыны (оқушыларды) таңдайды.

Оқушыларды іріктеу ережелері

3.1 Жобаға қатысатын оқушыларды жоба координаторы іріктейді.

3.2 Жобаға оқушы ретінде қатысу үшін оқушы немесе оның заңды өкілі «https://e-tutor.kz» ресми сайтында жобаға қатысушы формасын толтырады.

3.3 Форма толтырылғанда жоба координаторы оқушы және (немесе) оның заңды өкіліне хабарласып, жеке сұхбат арқылы оқушының академиялық құзіреті мен Жобаға қатысуға деген қызығушылығын анықтайды.

3.4 Жеке сұхбатты өткізуден кейін координатор берілген оқушыға кеңес беру сессияларын жүргізуге лайықты тьютор (тьюторларды) іріктейді.

Кеңес беру сессияларын жүргізу

4.1 Білім беру үдерісі «тьютор-оқушы» жұбы немесе бір тьютор мен бірнеше оқушыдан тұратын мини-топ құрылған сәттен басталады.

4.2 Білім беру үдерісі аясында тьютор кеңес беру сессияларын өткізіп, оқушыға жалпы білім беру пәндері бойынша академиялық құзіретті артқызу үшін қажет білім беру материалдарын береді.

4.3 Кеңес беру сессиялары «Google Meet» видеоконференциялар қызметі көмегімен өтеді.

4.4 Кеңес беру сессиялары 50 минуттан кем емес, аптасына екі реттен кем емес жүйелі түрде өтеді.

4.5 Кеңес беру сессияларының кестесін жоба координаторы құрастырып, тьютор мен оқушымен (оқушылармен) қолайлы уақыт бойынша келіседі.

4.6 Тьютор жүйелі есеп жүргізіп, кеңес беру сессияларына оқушының (оқушылардың) қатысуы жайлы мәлімет береді, және оқушының (оқушылардың) академикалық ілгерілеуін қадағалайды.

4.7 Кеңес беру сессиясы уақыты ауысатын жағдайда тьютор жоба координаторы мен оқушыны сессия басталар бұрын 3 сағаттан кем емес уақытта хабардар ету керек.

4.8 Тьютор жоба аясында өткізілетін барлық кеңес беру сессияларын жоба координаторымен бөлісуге міндетті.

4.9 Білім беру үдерісінің сапасын қадағалау мақсатында жоба координаторы жоба аясында өткізілетін кез келген кеңес беру сессиясына қатыса алады.

4.10 Оқушы дәлелді себепсіз (ауру-сырқау, жақын туыстың өлімі) қатар екі кеңес беру сессиясына қатыспаса, немесе үш жұмыс күні ішінде жауап бермесе, жоба координаторы оқушыны Жобадан шығаруға құқылы.

Білім беру материалдарын орналастыру

5.1 Тьютор білім беру материалдарын «Google Classroom» веб-сервисіне орналастырады.

5.2 Тьютор орналастырған білім беру материалдарын оқушы мен жоба координаторымен бөліседі.

5.3 Тьютор платформаларға орналастыратын білім беру материалдарының түрі мен мөлшерін жеке түрде белгілеуге құқылы.

Кеңес беру сессия кезіндегі мінезқұлық ережесі

6.1 Кеңес беру сессиялары өтетін уақытта тьютор мен оқушы визуалды және сөйлеу этикетін сақтау қажет. Ашық дене мүшелерін, әдепсіз, арандатушылық, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын суреттерді көрсету, спиртті ішімдік пен темекі бұйымдарын қолдануға, және де білім беру үрдісіне бөгет жасайтын басқа да әрекеттерді жасауға тыйым салынады.

6.2 Тьютор немесе оқушы кеңес беру сессия кезінде ережені бұзған жағдайда жоба координаторы тәртіп бұзушыны Жобадан шығаруға құқылы.

Пікірлер
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Подать заявку на участвие