Тьюторлар

Рустам Бекишев Назарбаев Университеті және KAUST университетінің математика және статистикалық талдау мамандықтары бойынша түлегі болып табылады. Қазіргі уақытта Рустам статистикалық және эконометрикалық модельдеу саласында AERC компаниясында аға аналитик позициясында жұмыс істейді, сондай-ақ М.С. Нарықбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде "Экономикадағы Математика" және "Эконометрика" пәндерінен сабақ береді. Статистика және оңтайландыру, экстремалды мәндер теориясы бойынша зерттеулер жүргізуде тәжірибесі бар. Студенттік жылдары бірнеше рет ғылыми тағылымдамаларға барып, конференцияларда сөз сөйледі.
Аида Нұранова Назарбаев Университеті Жоғары Білім Мектебінің көптілді білім беру мамандығы бойынша түлегі болып табылады. Қазіргі уақытта М.С. Нарықбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Жоғары гуманитарлық мектебінің ағылшын тілі департаментінің оқытушысы болып жұмыс істейді. Ағылшын тілін оқытуда үш жылдық тәжірибесі бар. Студенттік жылдары зерттеу жұмыстарымен айналысып, ғылыми-практикалық конференцияларға белсене қатысты.
Малика Ишаханова - Назарбаев Университетінің Foundation бағдарламасының студенті. 2020 жылы мектепті "Алтын белгімен" бітірді. Назарбаев университетінен басқа, ММУ-дың Қазақ филиалына математика және ТПУ факультетіне (Томск политехникалық университеті) оқуға түсті. ҰБТ-ны физика/математика бағыты бойынша сәтті тапсырып, 118 балл жинады. Малика физика мен математиканы жақсы біледі, басқаларды (достарын, інілері мен қарындастарын) оқытуда біршама тәжірибесі бар, сонымен қатар әртүрлі университеттерге түсудің тәжірибесі бар және емтиханға дайындық және мектеп пәндерін үйрену бойынша нақты кеңестер бере алады.
Менің атым Қазыбек. Мен Назарбаев Университеті магистратурасының екінші курсында ғылыми инженерлік Механика мамандығы бойынша оқимын. Мен қосымша өндіріске арналған өнім топологиясын оңтайландыру саласында жұмыс істеймін. Бос уақытымда тауға барып, детективтер оқып, фильмдер көргенді ұнатамын. Өскелең ұрпақтың дамуына өз үлесімді қосу үшін E-Tutor бағдарламасына қатысамын ?
Подать заявку на участвие